Құрметті ата-аналар!
Біздің бөбекжайға қош келдіңіздер!
Бала тәрбиесі – отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның ортақ міндеті. Біз әрбір тәрбиеленушінің денсаулығын нығайтуға, жан-жақты дамуына, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға және қауіпсіз ортада тәрбиеленуіне ерекше көңіл бөлеміз.
Бұл бөлімде Сіздер бөбекжайдың қызметіне қатысты маңызды ақпараттармен, ата-аналарға арналған ұсынымдармен, тәрбиелеу мен оқыту үдерісіне қатысты материалдармен және қажетті хабарландырулармен таныса аласыздар.
Бала тәрбиесіндегі өзара ынтымақтастығымыз берік болып, әрбір баланың бақытты балалық шағы мен жарқын болашағына бірге үлес қосамыз деп сенеміз!