«Консультациялық пункт» бөлімі
2026-2027 оқу жылына арналған консультациялық пункт жұмысының жоспары
Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық және әдістемелік көмек көрсету.
|
№ |
Негізгі іс-әрекет мазмұны |
Жауаптылар |
Мерзімі |
|
1 |
«Бір-бірімізді танып, бірге үйренеміз» |
Педагог-психолог |
Қыркүйек |
|
2 |
«Бақытты бала – мейірімді ортада» – баланың эмоциясын тану, сезімін дұрыс білдіру және ата-анамен жылы қарым-қатынас орнату жолдары |
Педагог-психолог |
Қазан |
|
3 |
Баланың тілін дамыту: сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған ойындар мен жаттығулар |
Логопед |
Қараша |
|
4 |
Қозғалыс – денсаулық кепілі: үй жағдайында қимылды ойындар мен жаттығулар ұйымдастыру |
Дене шынықтыру нұсқаушысы |
Желтоқсан |
|
5 |
Музыка әлеміне саяхат: ән айту, ырғақ сезімі мен музыкалық есту қабілетін дамыту |
Ән-саз жетекшісі |
Қаңтар |
|
6 |
Баланың ойын әрекетін ұйымдастыру арқылы шығармашылық қабілетін дамыту |
Тәрбиешілер |
Ақпан |
|
7 |
Би арқылы баланың шығармашылық қабілеті мен қимыл үйлесімділігін дамыту |
Хореограф |
Наурыз |
|
8 |
Баланы үй жағдайында сенсорлық дамыту |
Дефектолог |
Сәуір |
|
9 |
«Біз мектепке барамыз!» балалардың мектепке психологиялық дайындығы |
Психолог, тәрбиешілер |
Мамыр |
Кеңес тақырыбы: «Бір-бірімізді танып, бірге үйренеміз»
Мақсаты: Кеңестің мақсаты: Балалардың бөбекжайға бейімделу кезеңін жеңілдету, жаңа ортаға еркін араласуына, педагогтермен және құрдастарымен жағымды қарым-қатынас орнатуына психологиялық қолдау көрсету. Ата-аналар мен педагогтерге баланың эмоционалдық жай-күйін түсіну, қауіпсіздік сезімін қалыптастыру және бөбекжайға деген қызығушылығы мен сенімін арттыру жолдары бойынша кеңес беру.
Міндеттері:
- Балалардың бөбекжайға бейімделу ерекшеліктерін анықтау және психологиялық қолдау көрсету.
- Балалардың жаңа ортаға үйренуіне, педагогтермен және құрдастарымен жағымды қарым-қатынас орнатуына ықпал ету.
- Балалардың эмоционалдық жай-күйін тұрақтандыру, бойында қауіпсіздік сезімі мен сенімділік қалыптастыру.
- Балалардың ойын әрекетіне белсенді қатысуына, өз ойын білдіруіне және бірлесіп әрекет ету дағдыларын дамытуға жағдай жасау.
- Ата-аналарға баланың бейімделу кезеңінде дұрыс қолдау көрсету жолдары бойынша психологиялық кеңес беру.
- Педагогтер мен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, балаға қолайлы психологиялық орта қалыптастыру.
Өткізген: педагог-психолог А.З.Еламанова
Кеңес тақырыбы: «Бақытты бала – мейірімді ортада» – баланың эмоциясын тану, сезімін дұрыс білдіру және ата-анамен жылы қарым-қатынас орнату жолдары
Мақсаты: балалардың эмоционалдық саулығын қолдауға, эмоцияларын тануға, өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға және жағымды қарым-қатынас қалыптастыруға бағытталған практикалық жаттығуларды көрсету арқылы ата-аналарға бала тәрбиесінде қолдануға болатын тиімді әдіс-тәсілдерді ұсыну.
Міндеттері:
- Балалардың негізгі эмоцияларды тану және ажырату дағдыларын дамыту.
- Балаларға тыныс алу жаттығулары арқылы сабыр сақтаудың қарапайым тәсілдерін үйрету.
- Балалардың өзіне деген сенімділігін, дербестігін және тапсырманы орындауға деген ынтасын қолдау.
- Мейірімді қарым-қатынас пен жағымды эмоциялардың маңызын көрсету.
- Ата-аналарға үй жағдайында қолдануға болатын практикалық жаттығуларды бейнеролик арқылы ұсыну.
Өткізген: педагог-психолог А.З.Еламанова