Бөбекжайда тәрбиеленушілердің дұрыс әрі үйлесімді тамақтануын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. Ас мәзірі балалардың жас ерекшеліктеріне және белгіленген тамақтану нормаларына сәйкес әзірленеді.
Тамақтану рационы балалардың денсаулығын нығайтуға, өсуі мен дамуына қажетті қоректік заттармен қамтамасыз етуге бағытталған.
Тәрбиеленушілерге ұсынылатын тағамдар тізімі апталық ас мәзірі негізінде жоспарланады.